Жалған хабарлама тарату
Ақпанның 11-жұлдызында кіші «Керней» тобында Таным білім беру саласы бойынша «Сенсорика» оқу қызметінен «Қоянмен ойнаймыз» атты ашық оқу қызметі өтті.
Оқу қызметінде балалар пішіндерді, түстерді, үлкен кіші т.б сияқты білімдерін пысықтады.
Педагог Азаматова Бақытгүл балалардың танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында бірнеше тапсырмаларды балалармен бірге орындады.Мысалы, «құмның арасынан қоянның азығын табу», үлкен кіші сәбіздерді ажырату ойындарын дайындаған. Ашық оқу қызметіне жас мамандар, балабақша әдіскерлері, педагог-психолог қатысты.
Ашық сабақ бойынша жас маман Б. Азаматоваға педагогтар тарапынан ұсыныстар айтылды.
2022 жыдың 20 қаңтарында Қазақстан Республикасының тоғызқұмалақтан жастар арасындағы аға жаттықтырушысы, филология ғылымының кандидаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шотаев Мақсат Есенбекұлымен балабақшамызда «Бестемше» зияткерлік ойыны жайында әдістемелік отырыс өтті. Мақсат Есенбекұлы «Бестемше» ойынының «Тоғызқұмалақтан» айырмашылығын, бұл ойынның баланың танымдылық қабілетін арттырудағы рөлі жайында педагогтарды таныстырып, тәжірбиесімен бөлісті.