• Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
  • 8 (7172) 53-98-15

Консультативті пункттінің хабарламасы

Құрметті ата-аналар!

 

№79 «Шабыт» балабақшасында мектепке дейiнгi бiлiм берудiң қолжетiмдiлiгiн, отбасылық жане қоғамдык тәрбиенің бiрлiгi мен сабақтастығын камтамасыз ету, мектеп жасына дейiнгi балаларды үйде тәрбиелеп отырған ата-аналардың (заңды өкілдердің), оның iшiнде ерекше бiлiм берудi қажет eтетін балалармен жyмыс жасау құзыреттiлiгiн арттыру мақсатында балабақшамен қамтылмаған балаларға және ата-аналарга арналган консультативтiк пyнкт ұйымдастырылды.

Қызметтің мақсаты: мектепке дейінгі ұйымға бармайтын сәби жастан бастап мектепалды жастағы балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына атаулы педагогтік көмек көрсету.

Міндеттері:

- Жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеумен қамтамасыз ету;

- тәрбиелік әлеуетін байыту;

- балалардың дамуында ауытқу барын дер кезінде анықтау;

- дамытушы жүзеге асыру балалармен жұмыс.

 

Консультациялық пункттың мамандары қалай көмектеседі?

- ата-аналарға және балаларға балабақшаға немесе мектепке дайындалуға  және бейімделуге көмек көрсетеді;

- баланың жас ерекшеліктеріне сай дамуы жайлы кеңес береді;

- жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға көмектеседі;

- балаларды тәрбиелеу мен оқыту және басқа да көптеген мәселелер бойынша кеңес береді;

- сұрақтарына жауап береді және күмәнді сейілтеді;

- балаларды әлеуметтендіру;

- балалардың дамуындағы ауытқуларды алдын алу әдістерімен танысады.

 

Бізге келіңіздер! Сізге көмектесуге қуаныштымыз!

Консультативтік пункті тегін жұмыс істейді

Мекен-жай: Айнакөл к-сі, 60/6, № 79 «Шабыт» балабақшасы.

Консультацияға мына телефон бойынша: 8 (7172) 53-98-15 ;

+7 7712348983  жазылуға болады.

Біздің артықшылықтарымыз!

Ш – Шабыттан шарықта

А – Алыпты ал алға

Б –Бауырмал бол

Ы –Ынтымақты, ынталы

Т –Талпынып талантқа!

Біздің балабақшаның ерекшелігі неде?

Ең алдымен, біз балалардың дені әрі рухы сау болуына қатты көңіл бөлеміз. Осы себепті сауықтыру процедуралары, хореография, музыка және театр өнерінің негіздері, каратэ, күрес, шахмат қосымша үйірмелерінің жұмыстары жүргізілуде.

Балабақшамыздің қауіпсіздігі!

Бала бақша ғимараты ішкі және сыртқы бақылау бейне камераларымен толық жабдықталған. Күні бойы ғимаратта екі кәсіби күзетші болады. Сіздің балаларыңыздың кауіпсіздігі мақсатында күннің аяғында балаларды алып қайту құқығы бар тұлғалардың тізімі жасалады.