• Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
  • 8 (7172) 53-98-15

Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толып отыр

Биыл қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толып отыр. Нұр – Сұлтан қаласының барлық білім беру мекемелері бұл атаулы күнді ескерусіз қалдырмады. Осыған орай қалалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан эстафетаны қабыл алып, 20 - қыркүйекте біздің балабақша қабырғасында да үлкен «Абай –дана, Абай- дара» атты кеш өтті.

Кештің мақсаты – қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласты арттыру, әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту. Аталған іс- шарада барлық ересек топтың балалары қатысып, бірі ән шырқаса, бірі мәнерлеп өлең оқыды. Кеш соңында белсене қатысқан тәрбиеленушілер арнайы дипломмен марапатталды.

  • 072beb1b-760c-4eda-aa85-c1874cd09f69
  • 77a958aa-e1f3-421c-9a4a-a24cd2b9bf0d