• Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
  • 8 (7172) 53-98-15

Астана қаласында мектепке дейінгі әдіскерлер семинары өтті

2025 жылдың 25 сәуірінде Астана қаласында №79 «Шабыт» балабақшасы базасында мектепке дейінгі ұйым әдіскерлерінің қатысуымен тәжірибе алмасу семинары сәтті өткізілді. Семинар Астана қаласы Білім басқармасы мен Астана қаласының мектепке дейінгі әдіскерлер қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Іс-шара «Әдіскерлер арасында тәжірибе алмасу» тақырыбына арналды және офлайн форматта «Достық үйі» ғимаратында өтті. Семинардың басты мақсаты – мектепке дейінгі білім беру саласында жұмыс істейтін әдіскерлер арасында тәжірибе бөлісу, инновациялық әдістер мен цифрлық технологияларды қолдану жолдарын талқылау.

Семинар бағдарламасы аясында қатысушылар келесі бағыттар бойынша шеберлік сағаттарына қатысты:

  • «Педагогтермен жұмыс жүргізуде инновациялық технологияларды тиімді қолдану» – А.Султангазина
  • «Балабақша - бренд» – маркетолог әрі блогер М.Қажыгелді
  • «Жасанды интеллект – педагогтің цифрлық құзыреттілігін арттырудың тиімді құралы» – Г.Абдимомынова
  • «Ұшқыр ой алаңы» жобасын жүзеге асырудың ерекшеліктері – А.Шокутбаева
  • «Тәрбие түп қазығы – ұлттық ойындар» – А.Джаксылыкова
  • «Әдіскер жұмысында эмоцияны басқару» атты тренинг – А.Дуамбекова

Іс-шара барысында қатысушылар өзара ой бөлісіп, біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұнын талқылап, тәжірибелік кейстермен бөлісті. Қорытынды бөлімде қатысушыларға алғыс білдіріліп, пікір мен ұсыныстар кері байланыс арқылы жинақталды.